Қарағанды облысында су тасқыны қаупі бар аумақтарда рейд жүргізілді

17 Наурыз 2020, 03:44
1210
Бөлісу:
Қарағанды облысында су тасқыны қаупі бар аумақтарда рейд жүргізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аймақ әкімінің орынбасары Ермағамбет Бөлекпаев және Қарағанды облысы ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Ибрагим Күлшімбаев ұшу кезінде Шет ауданының гидротехникалық құрылыстары мен су тасқыны қауіпті аймақтарын аралап көрді, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты. 

Қазір Шерубай-Нұра және Жаман-Сарысу өзендерінің арнасына ерекше назар аударылуда. Ұшу кезінде оның қатысушылары Қызылқой ауылындағы қорғаныс білігін, Таңатбай бөгетін қарап шықты, Ағадыр кентінің және сол жерде орналасқан теміржол вокзалының су тасқынына дайындығы тексерілді.

Шет ауданының ауылдық округтерінде инертті материалдар дайындалып, қар шығару ұйымдастырылды. 13 елді мекенде халықты хабарландыру жүйесі орнатылды. Су тасқынына дайындық аясында 22 елді мекенге рейд жүргізілді.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермағанбет Бөлекпаев елді мекендерден қар шығару, су өткізу сақиналарын тазалау, Ағадыр кентінің теміржол вокзалы аумағын су басуына жол бермеу бойынша нақты тапсырмалар берді. Барлық іс-шараларды 20-шы наурызға дейін аяқтау тапсырылды.

Қарағанды облысында су тасқыны қаупі бар елді мекендерге 115 рейд өткізіліп, тұрғындарға 12 670 жадынама табыс етілді. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері қалалар мен аудандар әкімдіктерімен бірлесіп тасқынға ұшыраған аумақтарда тұратын адамдармен 153 жиналыс өткізді.

Су тасқыны қаупі бар аумақтарды аралау және айналып өту жұмыстары жалғасады.



Өзгелердің жаңалығы