Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таяу жылдары Қарағанды облысының барлық қалалары мен ауылдарында орталықтандырылған сумен жабдықтау пайда болады, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.
Өңірде барлық елді мекен тұрғындарын сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Облыс қалаларында бұл мәселені толық шешу 2021 жылға, ауыл аудандарында – 2023 жылға жоспарлануда.Бұл жылы 300 км астам су құбырларының желілері қайта құрылады және жөнделеді. Бұл өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мен «Ауыл Ел-Бесігі» арнайы жобасының арқасында қолжетімді болды.
Тағы 10 жаңа инженерлік желіні пайдалануға енгізу жоспарлануда. Әзірге орталықтан сумен жабдықтау тек 92% қалалықтар мен 85% ауылдықтарға қолжетімді. Өңірдегі бұл көрсеткішті арттыру үшін қолданыстағы инженерлік желілерді қайта құру өткізілуде және жаңасы салынуда.
"Ұлытау кентінде тазарту құрылғыларын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Абайда қәзір кәріз желілері, кәріз тазалау құрылғылары мен сорғы
станциялары салынып жатыр. Қарабаста кәріз желілері қайта құрылуда", - деді Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Улантай Усенов.
Сондай-ақ Қарағайлы кентінде тазарту құрылғыларының құрылысы жоспарланған. Бұл үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленген, қәзір ол мемлекеттік сараптамадан өтуде.
Келесі жылы Дубовка кентінде су тарту желілерін және кәріз сорғы станцияларының құрылысы басталады.