Қарағанды облысында профилактикалық тексеру үйде өткізіледі

19 Қазан 2019, 03:26
2542
Бөлісу:
Қарағанды облысында профилактикалық тексеру үйде өткізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мүмкіндігі шектеулі адамдар енді үйде профилактикалық тексеруден өте алады, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл қызмет міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің арқасында мүмкін болып отыр.

Қарағанды облысында медициналық сақтандыру жүйесін енгізгеннен кейін скринингтен өткен тұрғындар санының артуы №1 Қарағанды көпсалалы ауруханасының мысалында қадағаланып отыр. Медициналық мекемеге 77 мыңнан астам адам тіркелген. Тек соңғы екі апта ішінде аурухананың 632 емделушісі адын ала тексеруден өтті, оның ішінде 110 пациентті медицина қызметкерлері үйлеріне барып тексерген. Бұрын, скрининг өту үшін мүмкіндігі шектеулі емделушілерге клиникаға келу қажет болатын. Олар дәрігерді үйіне тек күрдері дерттері болса және ерекше нұсқаулық болса ғана шақыра алатын.

Енді Қарағанды облысының емханаларына алдын алу тексерулерін өткізу үшін жеке сома бөлінуде. Ал қыркүйектен бастап МӘМС жүйесі енгізілгелі бұл сома 1.8 млрд теңгеден асты. Бұрын скринингтерге қажетті қаражат медициналық мекемеге бекітілген әрбір адамға бөлінген бірыңғай төлемге салынатын.

Осының арқасында қазір облыста емханаға өз бетінше келе алмайтын адамдар үшін профилактикалық тексеріс көбірек өткізіле бастайды.

"Алдын алу тексерулерінен өту қажет емделушілердің тізімі емханаларда жынысы, жасы және денсаулық жағдайы негізінде қалыптастырылады. Тексеру кезінде көз және қан қысымын, қандағы қант пен холестерин деңгейін өлшейді, талдаулар алады және қандай да бір ауруларды анықтау үшін қажетті тесттер жүргізеді. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үйде немесе онлайн режимінде салалық мамандардан кеңес ала алады", - делінген хабардамада.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында міндетті медициналық сақтандыру жүйесін пилоттық режимде осы жылдың бірінші қыркүйегінде енгізген болатын. Еліміздің басқа өңірлерінде жүйе 2020 жылдың басынан бастап жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы