Қарағанды облысында карантин кезінде коммуналдық тарифтер төмендейді

13 Сәуір 2020, 14:51
1627
Бөлісу:
Қарағанды облысында карантин кезінде коммуналдық тарифтер төмендейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында коммуналдық қызметтерге тарифтер төмендеді. Карантин аяқталғанға дейін тұрғындар өтемақыны 5%-ға аз төлейді. Бұл туралы селекторлық режимде өткен аппараттық кеңесте айтылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.


Бүгінде коммуналдық қызмет тарифтерін 5%-ға төмендету бойынша келісім бар. Бұл Қарағанды облысы бойынша жеке тұлғалар үшін электр, жылумен, сумен қамту және су ағызу қызметтері. Аталмыш мәселені ерекше бақылауда ұстаңыздар. Тарифтер 1 сәуірден бастап карантин аяқталғанға дейін төмендетіледі, - деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.


Сондай-ақ сұйытылған мұнай газының бағасы төмендейді. Ол 73 теңгені құрайды. Карантин кезеңінде коммуналдық төлемдер бойынша өтемақыны кейінге қалдыруға болады. Берешектер үстіне өсімпұлдар мен айыппұлдар есептелмейді.


Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай және Шахтинск қалаларында коммуналдық кәсіпорындардың барлық абоненттік бөлімдері жабылды. Қызметті интернет-қосымшалар немесе терминалдар арқылы төлеуге болады.

Айта кету керек, өңірде жылыту маусымы аяқталуға жақын. Қаражал және Приозерск қалаларында қазірдің өзінде жылу беру тоқтатылды. Қалған қалалар мен аудандарда жылу кесте бойынша берілуде. Өңір бойынша барлық елді мекендерде жылыту жүйесі бірінші мамырда жұмысын тоқтатады, - делінген ақпаратта.

Жалпы жылыту маусымы штаттық режимде өтуде. Сәуір айының басында облыстың энергия көздерінде жөндеу науқаны басталды.
 


Өзгелердің жаңалығы