Қарағанды облысында автобус және шина шығару зауыты іске қосылмақ

15 Қыркүйек 2020, 09:42
1082
Бөлісу:
Қарағанды облысында автобус және шина шығару зауыты іске қосылмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысының Саран қаласында автобус пен арнайы техника түрін шығаратын зауыт жобасын іске қосу жоспарланған. 

Бұл туралы бүгін Үкіметтің онлайн отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.

Өңірлерді дамытудың индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылмақ. Жобаның жалпы соммасы 22 млрд теңгеден астам. Жоба іске қосылғанда өңірде жаңа 400 жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ биыл облыста шина шығаратын зауыт іске қосылмақ. 

Биыл 30 шілдеде «Allur» және «Татнефеть» компаниялары арасында жеңіл және жүк көліктеріне арналған шина өндірісін жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылғанын атап өткім келеді. Осы жобаны іске асыру қазіргі нарықтағы шинаға деген сұранысты қамтамасыз етеді, - деді Бейбіт Атамқұлов.

Аталмыш жобаның жалпы құны 95 млрд теңге. Оның жүзеге асырылуы барысында өңірде 1000 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Бұған дейін министр елде биыл 206 индустриялық жоба іске асатынын, жобалар инвестициясы бойынша Қарағанды облысы көш бастап тұрғанын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы