Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының прокуратурасы аймақтық коммуникация қызметі алаңында алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша брифинг өткізді.
Іс-шараға Қарағанды облысының Полиция департаменті мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ облыстық филиалының өкілдері қатысты.
«Қарағанды прокурорлары мен полиция қызметкерлерінің мәліметтеріне сәйкес, 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін өңірде алаяқтық 17%-ға (2222-ден 1989-ға дейін) төмендеген, алайда 2018 жылы олардың саны 7,2%-ға (1854-тен 1989-ға дейін), 2019 жылдың 8 айында 6%-ға (1437-ден 1522-ге дейін) өскен. 2019 жылдың 8 айында алаяқтықтан болған жалпы материалдық шығын шамамен 1,5 млрд теңгені құрады, оның тек 36%-ы (549 млн теңге) өтелді», - делінген хабарламада.
Банк несие карталары, әлеуметтік желілер, мессенджерлер, жарнамалық сайттар арқылы зиянкестер сенім білдірген азаматтарды адастырып, қорқытып немесе алдау жолымен өз еркімен ақша аударуға мәжбүрлейтін алаяқтыққа назар аударылды.
Сондай-ақ, спикерлер алаяқтықтың әртүрлі әдістері мен тәсілдері туралы айтып, жеке мүлікті жоғалтудан қалай сақтану керектігін түсіндірді, азаматтарды сақ болуға шақырды.