Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қарағанды облысында 70 отбасы қоныс тойын тойлады

16 Қаңтар 2019, 20:18
2168
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. Шет ауданы Ағадыр кентінде «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 70 пәтерлік бес қабатты үй қолданысқа берілді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Президент өзінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс спасыр арттыру» атты жолдауында мемлекет қолданып жатқан шаралар 5 жыл ішінде 650 мыңнан астам отбасын баспанамен қамтамасыз етуге көмектесетінін атап өтті. Ағадыр кентіндегі 5 қабатты тұрғын үйді қалыпқа келтіруге облыстық бюджеттен 231 миллион теңге бөлінді. Осының арқасында жетім балалар, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, сондай-ақ бұрыңғы баспанасы апатты деп табылған бес жанұя жаңа пәтерлердің иесі атанды.

Аудан әкімі Марат Жандәулетов қоныстанушыларды құттықтап, жаңа пәтерлердің кілттерін табыс етті.

Өткен жылы Ақжал және Ақсу-Аюлы кенттерінде де 12 және 4 пәтерлі үйлер қолданысқа берілген. Ағымдағы жылы Шет ауданында тағы бір 12 пәтерлі үй салынады деп жоспарлануда.

 

Өзгелердің жаңалығы