Қарағанды облысы: ит пен мысық асыраушылар үшін жаңа ереже қабылданды

28 Ақпан 2020, 04:40
1801
Бөлісу:
Қарағанды облысы: ит пен мысық асыраушылар үшін жаңа ереже қабылданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында иттер мен мысықтардың иелері үшін жаңа ережелер қабылданды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Қарағанды облысында иттер мен мысықтарды асыраудың және серуендеудің жаңа ережелері әзірленді. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХХV сессиясында мәслихат депутаттары жаңа ережені бекітті.

 

Депутаттар сонымен қатар Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аймақта жүзеге асырылуын қорытындылаған.


2019 жылы бюджеттен жастар жобаларын қаржыландыру ұлғайтылды, - деп мәлімдеді жастар саясаты басқармасының басшысы Нұржан Жетпісбаев.

Сала басшысының айтуынша, жұмыспен қамту, жастар кәсіпкерлігін дамыту, азаматтық және әлеуметтік бастамаларды қолдау мәселелері басты назарда.


Облыста жастар ресурстық орталықтары мен Жастар ісі жөніндегі кеңестер жұмыс істейді. Бизнес-идеяларды, стартаптарды іске асыру үшін жастар гранттар алады. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 2017-2021 жылдарға 20 700-ден астам адам жұмысқа орналастырылған, - деді өз сөзінде басқарма басшысы.

Ветеринария басқармасының жетекшісі Қайырбек Тұрсынбеков ит пен мысықтарды асыраудың және серуендетудің жаңа ережесі туралы түсіндірді. Оның айтуынша, қабылданған жаңа ережеде нақтылық пайда болған. Жабдықталған алаң болмаған жағдайда жануарларды үйдің артқы жағынан немесе бос жерлерде серуендетуге болады.
Сонымен қатар, ережеде бірқатар иттерді асырау оның иесінің жауапкершілігін арттырған.

Сессияда сондай-ақ Балқаш курорттық аймағын дамытуға қатысты өзекті мәселе қаралды. Депутаттар Балқаш қаласы мен Ақтоғай ауданының шекарасын өзгерту туралы бірлескен қаулыны бекітті. Шұбартүбек пен Тораңғалық демалыс орындары шешімді Үкіметте мақұлдағаннан кейін Балқаштың қарамағына өтеді. Бұл туристік салаға қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік беретіні айтылды.

Президенттің тапсырмалары мен біздің тұрғындар көтерген мәселелер билік жұмысының басымдықтарын анықтайды. Өткен аптада өте маңызды кездесу – халық алдында есеп беру өтті. Адамдар оларды толғандыратын сұрақтар қойды. Бұл – тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік инфрақұрылым, көп балалы отбасыларды қолдау, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы. Сейсенбі күні мен мемлекет басшысының қабылдауында болдым, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндадым. Президент біздің тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, әлеуметтік қолдау, сондай-ақ туризмді дамыту жөнінде тапсырма берді. Су тасқынына дайындыққа назар аударды. Бұл мәселелерді шешу үшін біз күн сайын сіздермен бірге жұмыс істейміз, - деді сессияға қатысқан аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек. 
 
Өзгелердің жаңалығы