Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында COVID-19 инфекциясы анықталған азамат – Жезқазған қаласының тұрғыны.
Науқас Жезқазған қаласының тұрғыны. Ол Ресейден үйіне оралған. Келген бетте дереу провизорлық госпитальға орналастырылды. ПТР-талдау нәтижесі COVID-19 вирусының барын растады. Қазір 2001 жылы туған жас жігіт жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды, - деп жазылған ресми хабарламада.
1 мамырдағы жағдай бойынша Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 152 оқиғасы анықталған, оның ішінде бір науқас көз жұмды және 67 адам сауығып шыққан.