Сауд Арабиясының астанасында ҚР Үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысы аясында Қазақстан-Сауд Іскерлік кеңесінің бірінші кеңейтілген жиыны өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол ҚР-ның САК-тағы Елшілігі мен Сауд Арабиясы Сауда-өнеркәсіп палатасы федерациясының бірлескен күш-жігерімен ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қазақстан тарапынан ҚР-ның САК-тағы Елшісі Берік Арын, Іскерлік кеңестің тең төрағасы – «GreyWolf Management» ЖШС Бас директоры Қанат Құдайберген, сондай-ақ «Astana International Financial Centre» (AIFC), «Kazakhinvest», «TAMEEM LLP», «White» «Hill Capital Ltd», «CHI Electric», «Iterek Industries LLP», «SUECO», «NOMAD travel LLP», «Jaiq Impact Fund», «Barys E&T LLP», «KAZAGRO-PRO LLP» сияқты 46-дан астам қазақстандық компаниялардың басшылары мен өкілдері қатысты.
Сауд Арабиясы тарапынан Қазақстандағы САК Елшісі Файсал әл-Кахтани, Іскерлік кеңестің тең төрағасы – «Alrajhi international Investments» Бас директоры Ахмед Әл-Дахил, САК Сауда-өнеркәсіп палатасы Федерациясының өкілдері, сондай-ақ Сауд Арабиясы компанияларының 40-тан астам басшылары, олардың арасында «Aliya for investments», «Fawaz Al-Hokair Company», «Saudi Bashayer Construction company», «Saudi Eximbank» атты ірі компаниялар болды.
Іскерлік кеңес отырысы барысында қатысушыларға Қазақстанның сауда-экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды, оның ішінде AIFC, «Kazakhinvest», «White hill Capital Ltd» өкілдері өз қызметі туралы айтып, қатысушыларды IT және банк саласын, венчурлік капталды және жалпы инвестициялық ортаны дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстырды.
Компаниялар бүгінде Қазақстан қарапайым төлем транзакцияларынан бастап, бағалы қағаздар нарығын дамытуға және оны халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялауға, сонымен бірге электрондық коммерция мен инновациялық жобаларды дамытуға дейінгі қаржылық және цифрлық қызметтердің барлық дерлік түрлерін ұсына алатынын атап өтті.
Бизнес-кездесу аясында B2B алаңдары ұйымдастырылды, онда САК бизнес-қоғамдастығының қазақстандық компаниялармен практикалық келіссөздері өтті.
Жалпы, Сауд Арабиясының қатысушылары Қазақстан мен оның сауда-экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері туралы қажетті ақпаратты алып, ҚР іскерлік кеңесі – САК-тың Бірінші отырысын ұйымдастыруға жоғары баға берді.
Атап өткен жөн, 2023 жылғы 9 маусымда Астана Халықаралық форумы аясында «Атамекен» ҰКП мен САК СӨП Федерациясы арасында Қазақстан-Сауд Іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қойылды.
Қазақстан тарапынан құрылған Іскерлік кеңестің тең төрағасы болып «GreyWolf Management» ЖШС Бас директоры Қанат Құдайберген, ал Сауд тарапынан «Alrajhi international Investments» компаниясының Бас директоры Ахмед Әл – Дахил тағайындалды.
Сауд Арабиясының Іскерлік кеңесінің құрамына ACWA Power, SABIC, Maaden, Ajlan & Bros, Al Hokair тәрізді беделді компаниялар кіреді.