Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әр мигрантқа Қазақстан шекарасынан өткенде ID-карта жасалады

Жансая ҚАМБАР
22 Шілде 2025, 12:21
976
Бөлісу:
 ҰҚК баспасөз қызметі
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Олжас Бектенов 2025 жылдың 1 қарашасына дейін барлық дерекқорларды толығымен интеграциялай отырып, көші-қон процестерін есепке алудың Бірыңғай цифрлық платформасын енгізуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Премьер-министр соңғы 2 жылда Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктердің саны 1,5 есеге артып, заңды бұзу фактілері де барын айтты.

Мәселен, осы жылдың мамыр айында жедел профилактикалық шаралар барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 7 мыңнан астам фактісі анықталды. Мұндай жағдайлардың уақытылы жолын кесу керек. Ол үшін цифрлық құралдарды белсенді түрде енгізу қажет. Мигранттардың қозғалысын жүйеге келтіріп, толыққанды мониторинг жүргізу үшін шекарадан өткен кезде берілетін көшіп-қонушының ID-картасын енгізу жұмысын жеделдеткен жөн, - деді Олжас Бектенов.

Ол 1 қарашаға дейін Бірыңғай цифрлық платформаны енгізуді Еңбек және цифрлық даму министрліктеріне тапсырды.

Белгілі болғандай, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанға 7,5 млн-нан астам шетелдік келген

Өзгелердің жаңалығы