"Әр әйелге – іс, елімізге –табыс": Ауыл әйелдеріне гранттар берілді

Бүгiн, 11:48
259
Бөлісу:
"Әр әйелге – іс, елімізге –табыс": Ауыл әйелдеріне гранттар берілді
Фото: автордан

Астанадағы VII Республикалық ауыл әйелдері форумы 200 делегаттың басын қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Форумының ұйымдастыру комитетінің төрағасы Айна Айсина 7 жыл ішінде өткен 7 республикалық, 52 облыстық форумдар 123 тематикалық сессиялар шеңберінде 400 мыңға жуық ауылдардағы 11 мыңға жуық ауыл әйелдерінің басын біріктіргенін айтты.

Форум арқылы ауыл тұрғындарының өмір сапасын көтеруге, әр өңірде ауыл әйелдерінің көкейін тескен, қордаланып қалған өзекті мәселелердің шешімін табуға, оларды мемлекеттік органдарға жеткізуге атсалысып келе жатырмыз, - деді ол.

"Әр әйелге – іс, елімізге –табыс": Ауыл әйелдеріне гранттар берілді

Айна Айсина Қазақстанда 12 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан және еліміздің әртүрлі өңірлерінен 110 мыңнан астам әйелдерге бизнес негіздерін тегін оқытқан Belesteri әлеуметтік жобасын ерекше атады.

12 жыл бойы “әр әйелге – іс, елімізге –табыс” деп ұрандатып, ауыл әйелдерінің әлеуетін арттырып келе жатырмыз. Бүгінде 110 мыңнан аса әйел біздің тегін оқудан өтті. Бүгінгі республикалық байқаудың грантын ұтып алғандармен бірге қосатын болсақ, 151 әйел грантқа ие болып, өз істерін дөңгелетіп отыр. Сондай-ақ басқаларға 10 мыңнан астам жұмыс орнын беріп отыр, - деді Айсина.

"Әр әйелге – іс, елімізге –табыс": Ауыл әйелдеріне гранттар берілді

Belesteri әлеуметтік жобасы ең үздік бизнес-идея бойынша гранттық байқау жеңімпаздарына қаржылық қолдау көрсетеді. Биыл 30 грант қарастырылған. Форумда алғашқы 14 грант табысталды, қалған 16 грант екінші кезең жеңімпаздарына қаңтар айында беріледі. Форум аясында биылғы жеңімпаздар өнімдерінің көрмесі қатар өтіп жатыр.

Форум Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат комиссиясының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Жобаның ұйымдастырушылары – “Жасыл экономикана қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы” заңды тұлғалар бірлестігі және “Әлеуметтік динамика” қоғамдық қоры.

Өзгелердің жаңалығы