Әр адамның референдумға қатысуы маңызды – депутат

16 Мамыр 2022, 21:40
1618
Бөлісу:
Әр адамның референдумға қатысуы маңызды – депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттарының жалпыхалықтық референдумды түсіндіру бойынша өңірлерге сапары жалғасуда. Бүгін «Ақ жол» және «Қазақстан халық партиясы» фракциясының депутаттары Алматы облысына барды. 

Бүгін Қазақстан халық партиясының мүшелері Ерлан Смайлов, Ғазиз Құлахметов және Айжан Сқақова Алматы облысындағы Текелі қаласына барды. Онда депутаттар бірқатар еңбек ұжымымен жүздесіп, референдумның мазмұнын, оған енгізілетін өзгерістер туралы баяндады. 

Атап айтқанда, Текеліні жылумен қамтамасыз етіп отырған ТЭЦ-1-дің ұжымында 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Референдум халыққа қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға мүмкіндік беретінін және әр адамның осы науқанға қатысуы маңызды екенін айтты. 

Сайлаудың маңыздылығын еңбек адамы екі бастан ұғынады. Сапарымнан байқағаным, өз бетімен қоңыр тірлік кешіп, қаладан қашық жерде орналасқан елді-мекендердің адамдары тату, көпшіл. Басты талабы – бейбіт заман мен халықтың бірлігі, – деді Ғазиз Құлахметов.

Өзгелердің жаңалығы