Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Көпсалалы медицина орталығының директоры, дәрігер Мұхтар Төлеутаев «Желмая» жобасында айтты.
Бүгінде Денсаулық сақтау ұйымының көмегімен 100-ден астам оттегі аппараты жеткізілді. Интернетте індетке қарсы үгіттейтін топтар баршылық. Вирус халық арасында тез тарайды. Сол сияқты ресми, медицина мамандарының пікірімен расталған ақпаратты да жылдам тарату керек. Дүниежүзіндегі эпидемия мен пандемиялар вакцинаның арқасында ғана тоқтады. Сондықтан вирусты жеңудің бірден-бір жолы – вакцинация, тазалық сақтау, - деді ол.
Дәрігер сырқат адам бірден оқшаулануы керек екенін айтады.
Инкубациялық кезең, яғни жұқтыру қаупі жоғары кезеңде науқас оқшаулануда отыруы керек. Сол кезде аурудың таралуына жол бермейміз. Вирус адамның жағдайына, статусына қарамайтынын көріп отырмыз. Үлкен мен бала, бай мен кедей де ауырып жатыр, - деді Төлеутаев.
Мұхтар Төлеутаев айтқандай, өзінің және айналасындағы адамдардың денсаулығына зиян келтірмеудің әлеуметтік жауапкершілігін түсінуі керек.
Өзі вирусты жұқтырғанын түсінбеген адам той-томалаққа барып жүре береді. Бірақ ол таратушы болып есептеледі. Бізде бармасаң, ұят деген түсінік бар. Өлім-жітімге барып, көңіл айту керек дейді. Бірақ бұл жерде ауруды одан әрі таратпауды ойлау керек, - деді дәрігер.