«Ақ жол» партиясының Шымкент филиалы мектеп оқушыларына сый жасады

11 Қыркүйек 2020, 15:34
3125
Бөлісу:
«Ақ жол» партиясының Шымкент филиалы мектеп оқушыларына сый жасады
PHOTO
Фото: автордан

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Ақ жол» партиясының Шымкент қалалық филиалы «Аз қамтылған отбасыларда тұратын оқушыларды қолдау» атты іс-шарасын өткізді. 

Партия мүшелері қаладағы Қаратау ауданының Тассай елдімекенінде орналасқан №102 және №115 мектеп оқушыларына оқу құралдарын сыйлады.

«Ақ жол» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасы Әлімхан Абжановтың айтуынша, жыл сайын партия мүшелері тұрмысы төмен отбасыларға тікелей материалды көмек көрсетеді.

Әлімхан Абжанов (1).JPG


 

«Ақ жол» партиясы – кәсіпкерлер партиясы болып есептеледі. Қатарымызда кәсіпкерлер өте көп. Олар жағдайы төмен отбасыларға әрдайым көмек қолын созады. Оқу жылы басталған соң кәсіпкерлеріміз қаладағы мектептерге барып, тұрмыс жағдайы төмен отбасы балаларына оқу құралдарын алып беріп, көмектесуде. Жыл сайын, карантин кезінде де, оның алдын да тұрмысы төмен отбасыларға көмектесетін едік. Ал биылғы оқу жылынан бастап тікелей мектептерге барып, аз қамтылған отбасылардың балаларына қажет оқу жабдықтарын берудеміз. Жақын уақытта пандемия аяқталып, балалар мектепке барып оқитынына сенеміз, - дейді Әлімхан Абжанов. 

№102 мектеп оқушыларынк өмек (3).JPG

Оның сөзінше, партия мүше кәсіпкер мұқтаж отбасыларға көмегін жария айта бермейді екен.

Кәсіпкерлер көптеген мектепке барып жатыр. Әр мектептен 20-25 балаға көмектеседі. Кемі 10 мектеп қамтылады. Қай мектепке көмектесетінін кәсіпкерлер өзі таңдайды. Олар мектептерге тұрғылықты мекенжайы бойынша, не мұқтаж отбасы балалары тізімі болғанда сол тізім бойынша барады. Волонтерлерге хабарласып, олардан мұқтаж отбасыларды біліп, сол арқылы да көмектеседі, - дейді филиал төрағасы. 

№102 мектеп оқушыларынк өмек (1).JPG

Әлімхан Абжанов ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауына қатысты да пікірін айтты.

Президент Тоқаевтың жолдауында айтылған мәселелерді күн тәртібіне алып жатырмыз. Президент айтқан мемлекеттік қызметкерлер санын қысқарту ұсынысын қолдаймыз. Мемлекеттік қызметкерлер секторының 25 пайызын қысқарту әлі де аздық етеді, тағы да қысқарту керек деп есептейміз. Мемлекеттік қызмет саласы өте кәсіби, мобилді әрі айлығы жоғары болуы керек. Үкіметке, президентке шағын және орта бизнесті қолдау жөнінде көптеген хат жолдадық. Кешегі жолдауда соның көбі қамтылған. Біріншіден, кәсіпкерлер несиесін уақытын шегеру, субсидия жасауға қолдау берілді. Мұнай дәуірі аяқталып жатыр, мұнай бағасы енді көтерілмейді, енді мемлекет тірегі шағын және орта бизнес болуы керек. Жолдауда біздің ұсыныстар – кәсіпкерлікті оқыту, көбірек дамыту да көрсетілген. 2025 жылға дейін жалпы ішкі өнімнің 30 пайызын шағын орта бизнес құрауын өте дұрыс деп есептейміз. Кәсіпкерлікке қолдау болатын болса, халқымыз өте еңбекқор, тез арада 30 пайыздан да асатын шығармыз, деп ойлаймын, - дейді Абжанов. 


 

Өзгелердің жаңалығы