Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақын Ерлан Жүніс: Жауапкершіліктен қашқан адам өткенді аңсайды

Жансая ҚАМБАР
25 Шілде 2025, 10:20
587
Бөлісу:
 әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Бұл ойды танымал ақын Ерлан Жүніс Әдебиет порталына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз кешегі әдеби мемуарлармен, аңыздармен, әңгімелермен өстік қой. Тәжібаевтың “Жылдар ойлары”, “Есімдегілері” секілді, я болмаса Қадыр ағамыздың “Иірімі” секілді сондай бір өткен, мына біз қазір кейін шартты түрде қазақ әдебиетінің алтын ғасыры деп атап жүрген заман, сол заманның адамдары, сол заманның әдеби көңіл күйіне деген аңсар болады адамда, - деді ол.

Дегенмен ақын кейіннен өткенді аңсау бүгінгі жауапкершіліктен қашу екенін түсінгенін жеткізді.

Кейін қарап отырсам, оның барлығы иллюзия екен. Яғни сен белгілі бір жауапкершіліктен қашады екенсің. Белгілі бір нәрсеге жауапкершілік алуға я болмаса белгілі бір нәрсеге міндеттеме алуға. Қашқан кезде адам не өткен шаққа, не болашаққа тығылып қалғысы келеді... Әр адам – өз заманының перзенті, өнімі. Сана ағысында сен қанша жерден Нострадамус секілді болашақты айтсаң да, не болмаса өткен шаққа ой жүгіртсең де, бәрібір сен XXI ғасыр деп аталатын көшенің тұрғынысың, - деді ақын.

Ол сондай-ақ қай ақын-жазушыны да өз заманынан алып тастаса, оны түсіну қиын болып қалатынын, сондықтан адам өзі өмір сүріп жатқан заманын сүю керегін айтты.

Өзгелердің жаңалығы