Ақылы жолдың ақысын төлемеген жүргізушілерге қанша айыппұл салынады

2 Желтоқсан 2023, 11:34
712
Бөлісу:
Ақылы жолдың ақысын төлемеген жүргізушілерге қанша айыппұл салынады

Көлік министрлігі ақылы автожолда төлем жасамағандарға қанша айыппұл салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министрліктің автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті ақылы жол учаскесімен жүру ақысын күнтізбелік 7 күн ішінде төлеу қажет екенін еске салды. Әйтпесе 8-ші күні "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" Кодекстің 628-бабына сәйкес жол ақысын төлемеген жағдайда әкімшілік айыппұл есептеледі.

Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері – 5 АЕК (2023 жылы 17 250 теңге), ал заңды тұлғалар үшін – 10 АЕК (34 500 теңге) құрайды. Әкімшілік жауапкершіліктің алдын алу үшін автокөлік иелері мен жүргізушілер ақылы автомобиль жолымен жүру ақысын уақтылы төлеуі қажет, - делінген хабарламада.

Ведомство ақпаратынша, төлем жасаудың 20-дан астам әдісі қарастырылған. Атап айтқанда, QAJ mobile мобильді қосымшасы, Kaspi.kz, Kiwi-әмиян, Forte Bank арқылы және тағы басқа.

Сонымен бірге министрлік берешегі бар көлік иелерін тарифке сәйкес қарыздарын өтеуге шақырды.

Өзгелердің жаңалығы