Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақылы медициналық қызметтерге қанша салық салынады

Олжас АДАЙ
9 Сәуір 2025, 11:44
551
Бөлісу:
 BAQ.KZ  архив
Фото: BAQ.KZ архив

Бұл туралы Мәжілісте жаңа Салық кодекстін таныстырған Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік салада, денсаулық сақтау саласында Үкімет қосылған құн салығынан босатылған дәрі-дәрмектердің әлеуметтік тізімін айқындайды. Қосылған құн салығы тек ақылы медициналық қызметтерге салынады. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 10% болады, - деді Жұманғарин.

Сөзінше, әлеуметтік саладағы корпоративтік табыс салығы – 2026 жылдан бастап 5% және 2027 жылдан бастап 10% болады.

Еске сала кетейік, енді ажырасқандар көп салық төлеуі мүмкін екенін осыған дейін жазғанбыз. Салық реформасынан қанша пайда түсетіні де айтылды. ҚҚС мөлшері қанша болатыны да белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы