Ақылбек Күрішбаев: Академик атағы – зейнеттегі жайлы орын емес

27 Тамыз 2024, 14:40
1974
Бөлісу:
Ақылбек Күрішбаев: Академик атағы – зейнеттегі жайлы орын емес
Фото: автордан

Ұлттық ғылым академиясының құрамына қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, мемлекеттік қызметкерлер немесе кәсіпкерлер қабылданбайды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев айтты.

Ақылбек Күрішбаев: Академик атағы – зейнеттегі жайлы орын емес

Мемлекеттік академияның ерекшелігі – ол академик атағы «мансап тәжін» білдіретін немесе зейнетке шығудың жайлы орны ретінде қарастырылып келген жұмыс болмайды. Біз оның құрамына қоғам қайраткерлерін, саясаткерлерді, мемлекеттік қызметкерлерді немесе табысты кәсіпкерлерді алмаймыз. Біздің міндетіміз – ғылымның тек белсенді көшбасшыларын, нағыз ғалымдарды, оның ішінде дарынды жастарды біріктіруді және олардың елімізге елеулі пайда әкелуіне мүмкіндіктер жасауды көздейміз, -­ деді Ұлттық ғылым академиясының президенті. 

Сондай-ақ ол академиктер саны бойынша әлемде бірінші орынға шықсақ та, бұдан ғылымымыз өркендеп кетпейтінін айтты.

Ақылбек Күрішбаев: Академик атағы – зейнеттегі жайлы орын емес

Ұлттық ғылым академиясының нақты мүшелерінің сандық құрамы көп болмайтынын атап өткім келеді. Әділ сайлау негізінде еліміздің ең лайықты, ең даңқты ғалымдары ғана академик болуы керек. Біз академиктер қатарын жасанды «өсіруге» тиісті емеспіз. Тіпті, дамыған озық елдердің өзінде ғылыми потенциалы жоғары болуына қарамастан, ұлттық академиялардың толық мүшелерінің саны шектеулі. Егер де біз, әлемде академиктер саны бойынша бірінші орынға шықсақ та, бұдан ғылымымыз өркендеп кетпейді, -­ деді Ақылбек Күрішбаев.

Бұған дейін Ұлттық ғылым академиясының алқа құрамы таныстырылды. Сондай-ақ Ұлттық ғылым академиясына сайланған академик Сураган Дурвудхан елімізде жас ғалымдардың санын көбету қажеттігін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы