Ақты ақ, қараны қара деп айтқан әулие. Қараман ата жерасты мешіті туралы не білеміз?

25 Желтоқсан 2021, 10:01
7610
Бөлісу:
Ақты ақ, қараны қара деп айтқан әулие. Қараман ата жерасты мешіті туралы не білеміз?
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Маңғыстауға бір сапарымызда Қараман ата жерасты мешіті мен қорымына жол түсті. Қараман ата жерасты мешіті - ХІІІ ғасырға жататын сәулет өнері.  Маңғыстауда екі жерасты мешіті болса, біреуі осы – Қараман ата.

 

Мешіт Маңғыстау ауданының Шетпе кентінен 35 шақырым оңтүстік батыс бағытында, Қандыбас қыстағының батысында 5 шақырым жерде орналасқан. 

Ақты ақ, қараны қара деп айтқан әулие. Қараман ата жерасты мешіті туралы не білеміз?

 

Қараман ата киелі әулиелердің бірі болып есептеледі. Сондықтан маңғыстаулықтар мен сырттан келген туристер оның басына зиярат етуге көп барады. Жерасты мешіті мен қатар қорым сақталған жерде ғибадат етушілер баршылық. 

Ақты ақ, қараны қара деп айтқан әулие. Қараман ата жерасты мешіті туралы не білеміз?

Мешіт басындағы шырақшының айтуынша, Қорымда жерленген киесі бар деген адамдардың басында келген адамдар шырақ жағады. Бұл ұлтымыздың Исламға дейінгі Тәңіршіл болғанын аңғартса керек. Содан қалған дәстүрдің сырын шырақшы айтып берді. 

Ақты ақ, қараны қара деп айтқан әулие. Қараман ата жерасты мешіті туралы не білеміз?

Келген адамдар Құран оқыту кезінде белгілі орын арналған жерде шырақ жаққан. Ол шырақтың иісі мен сауабы барады деп жағады. Шырақ жаққан кезде адамның жатқан көрі жарқырайды екен. Әруағы разы болуы үшін деп жағады. Ал тірілер жаққан шырақтың жылыуымен бетін сыйпайды. Сол кезде бойдағы жаман энергетика, көз, тіл, сөз кетсін деп тазаланады екен, - дейді ол. 

Ақты ақ, қараны қара деп айтқан әулие. Қараман ата жерасты мешіті туралы не білеміз?

Сондай-ақ қорымда жерленген адамдардың бейітінде ағаш тұрғанын байқауға болады. Шырақшы оның да мағынасын айтты. 

Ақты ақ, қараны қара деп айтқан әулие. Қараман ата жерасты мешіті туралы не білеміз?

Ағаш - тіршіліктің белгісі. Ағаштың тамыры Жердің астындағы тіршілікті білдіреді. Ортасы біз. Төбесі көкпен жалғасқан. Сол үшін де әулиелердің басында ағаш тұрады, - деді шырақшы. 

Ақты ақ, қараны қара деп айтқан әулие. Қараман ата жерасты мешіті туралы не білеміз?


Аңыз бойынша Қараман ата әділетті, ілімі жоғары, ақты ақ, қараны қара деп айтатын шыншыл адам болған. 

Ақты ақ, қараны қара деп айтқан әулие. Қараман ата жерасты мешіті туралы не білеміз?

Шырақшының айтуынша, Қараман ата жастарды рухани жағынан жақсы қолдаған. 

 

Егер атамыз ХІІІ ғасырда өмір сүрсе, XVII ғасырда өмірге келген Бекет атамыз ақ пен қараны шешу кезінде түрікмендермен айтысып қалады екен. Сол кезде Бекет ата ол дауды шешу үшін Қараман атаның басына келеді екен. Қараман ата дүниеден өтіп кетсе де, Бекет аталар құрметтеп, пір тұтқан, - дейді ол. 

Ақты ақ, қараны қара деп айтқан әулие. Қараман ата жерасты мешіті туралы не білеміз?

Осы турға себепші болған Mangistau Safari гид-экскурсоводы Жәмила Бекешева қорымда кіші сәулет пішіндері бар екенін түсіндірді.

 

Құлпытас, қойтас, арқартас қошқартас сәулет пішіндері бар. Бұл қорымда жерленген адамдардың басындағы құлпытастарда оның жынысы мен немен айналысқаны таңбалар арқылы көрсетілген. Мысалы, тарақ бейнеленсе, ол әйел адам жатқанын білдіреді. Кейбіреуінде қайшы көрсетілсе, ол адам кезінде шебер болғаны көрсетеді, - дейді Бекешева. 

Ақты ақ, қараны қара деп айтқан әулие. Қараман ата жерасты мешіті туралы не білеміз?

Ал жерасты мешітіне түсу үшін баспалдақпен жердің астына қарай түсуі керек. Ол  3 бөлмеден тұрады:  кіреберіс бөлме, оған жалғасқан намаз оқитын зал және Қараман ата жерленген дөңгелек бөлме. Оның аумағы 4,02 га жерді қамтиды. Мешіттің ерекшелігі — жердің астында орналасуы.

Ақты ақ, қараны қара деп айтқан әулие. Қараман ата жерасты мешіті туралы не білеміз?

 

Маңғыстау өңірінде жерасты мешітінің салынуы экономикалық тұрғыдан шығыны аз болған соң салынған. Екіншіден, жерасты мешіттерінде акустика жақсы болып, дауыс жақсы естілген. Үшіншіден, әулие адамдар көптің көзінен тасаға кетіп, Құдаймен байланысты кұшейткісі келген. Сондай-ақ біздің өңірдің құмы жұмсақ, үгіндісі көп. Мешіттің төбесінде дөңгелек шұрықтар бар. Ол терезенің міндетін атқарған. Бұл жерасты мешітінің барлығында кездеседі. Жерасты мешітіне бертін келе қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Қабырғалары сырланған. Оны арнайы ресейлік мамандар келіп жүзеге асырған, - дейді Жәмила Бекешева. 

Ақты ақ, қараны қара деп айтқан әулие. Қараман ата жерасты мешіті туралы не білеміз?

Жерасты мешітінің бөлмелері бағаналармен бекітілген. Бір бөлмесінде ғибадат етсе, екінші бөлмесінде емдік қасиеті бар деп есептеледі. Келушілер әлі күнге дейін ниет етсе, сол бөлмеде емдік ритуалды жасай алады. 

Ақты ақ, қараны қара деп айтқан әулие. Қараман ата жерасты мешіті туралы не білеміз?

Жәмила Бекешева туризм саласында бір жылдан астам қызмет етіп жүр. Маңғыстау өңірінің әсем, киелі жерлеріне туристік топтарды апарып, тарихымен таныстырады. Оның айтуынша, туристік нысандардағы ең бірінші мәселе ол – дәретхана. 

Ақты ақ, қараны қара деп айтқан әулие. Қараман ата жерасты мешіті туралы не білеміз?

Тым болмағанда шалғай жерлерде дәретхана, демалатын орын болса екен дейсің. Себебі адамдар ондай орындар болмаған соң айдалада жеке гигиена заттарын, қоқыстарын тастап кетіп жатады. Ал ол кейін ұшып, келушілердің назарында жайылып жатады. Әрине, бұл – ұят. Сонымен қатар барған жерлерге, тастарға, тауларға өз аттарын сызып кетеді. «Атырау кілем», «За ВДВ» деген сөздердің көбеюі қынжылтады, - дейді Бекешева. 

Ақты ақ, қараны қара деп айтқан әулие. Қараман ата жерасты мешіті туралы не білеміз?

Сонымен қатар оның айтуынша, маңғаз далаға интернет керек. 

Ақты ақ, қараны қара деп айтқан әулие. Қараман ата жерасты мешіті туралы не білеміз?

Барлық туристік нысандарда QR-ы  бар тақтайша бар. Оны суретке түсіру арқылы ақпарат алуға болады. Ал барған жердің көбінде интернет болмайды. Сәйкесінше, ол тақтайшалар да жұмыс істемейді. Келген туристер «Не үшін тұр?» деп күледі. Бұл енді болашақ үшін жасалған дүние ғой. Осы сынды кемшіліктер жойылса деген ниет бар, - деп түйіндеді ол. 

Ақты ақ, қараны қара деп айтқан әулие. Қараман ата жерасты мешіті туралы не білеміз?

Оның айтуынша, Маңғыстау өңіріне шетелдік туристер де аз келмейді. 

Ақты ақ, қараны қара деп айтқан әулие. Қараман ата жерасты мешіті туралы не білеміз?

 

 

Ақты ақ, қараны қара деп айтқан әулие. Қараман ата жерасты мешіті туралы не білеміз?

 

Ақты ақ, қараны қара деп айтқан әулие. Қараман ата жерасты мешіті туралы не білеміз?

 

 

Өзгелердің жаңалығы