Ақтоғай ауданында жоғалған балықшылар құтқарылды – ТЖМ

25 Наурыз 2022, 12:10
1287
Бөлісу:
Ақтоғай ауданында жоғалған балықшылар құтқарылды – ТЖМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтоғай ауданында жоғалған балықшылар құтқарылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылғы 23 наурызда 22 сағат 40 минутта Павлодар облысы ТЖ департаментінің «112» пультіне Ақтоғай ауданы Қараоба ауылында Ертіс өзенінің алқабында балықшылар жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті, - делінген хабарламада.

Іздестіру жұмысатырна Ақтоғай ауданының № 15 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 5 адам, жергілікті атқарушы органынан 2 адам және «102» қызметінен бір адам шықты. 

Іздестіру жұмыстары барысында Қараоба ауылынан 12 шақырым жерде Ертіс өзенінің алқабында 1981 және 1963 жылы туған екі балықшы құтқарылды. № 15 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өрт сөндіруші-құтқарушы Қайыр Бейінбет және өрт сөндіруші-құтқарушы Сапарғалиев Айдос балықшыларға қолдарынан демеп, қозғалуға көмектесті, - деп хабарлады ТЖМ.

Азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы