Ақтоғай ауданында тауарлы-сүт фермасы ашылды – Павлодар облысы

18 Қыркүйек 2022, 03:20
1493
Бөлісу:
Ақтоғай ауданында тауарлы-сүт фермасы ашылды – Павлодар облысы

Павлодарда 1200 бас ірі қараға арналған «Ақтоғай-Агро» ЖШС тауарлы-сүт фермасы іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Нысанның ашылуына қатысқан облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Павлодар өңірі үшін ауыл шаруашылығы саласындағы қарқынды даму көрсеткіштеріне қол жеткізуге Ертіс өзенінің септігі мол екенін атап өтті. Соңғы екі жарым жылда суармалы жерлер алқабы 102 мың гектардан 142 мың гектарға дейін артқан.

Бүгінгі ашылып отырған тауарлы-сүт фермасы – екі жылдың ішінде іске асырылып отырған инвестициялық жоба. Оған 6 миллиард теңгеден астам инвестиция құйылды. 36 тауарлы-сүт ферманың ішінде  әр үшінші ферма соңғы екі жарым жыл ішінде ашылды. Қосымша 38 мың тонна сүт өндіріледі. 43 миллиард теңге инвестиция бөлінді, 500-ден астам жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды. Әрі қарай тағы да бірқатар жоспарлар бар, сегіз тауарлы-сүт фермасы ашылады. Қосымша сүт көлемі 38 мың тоннаға ұлғаяды. 40 миллиард теңгеден астам инвестиция бөлінеді. Мұның барлығы – суармалы алқапты іске қосудың нәтижесі, – деді Әбілқайыр Сқақов. 

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтың айтуынша,  биылғы жылы ауыл шаруашылығын қаржылай қолдауға, субсидиялауға 450 млрд теңге бөлініп отыр. Бұл - былтырғы жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық. Биылғы жылы елімізде ауыл шаруашылығын субсидиялауға рекордтық 450 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Ертіс өңірінде соңғы үш жылдың ішінде 12 тауарлы сүт фермасы ашылды. 25 жылдың аяғына дейін 100-ден астам инвестициялық жоба іске асырылады. 180 миллиард теңгедей инвестиция құю жоспарланып отыр. Сол себепті ауыл шаруашылығы саласы, соңын ішінде мал шаруашылығы тауарлы-сүт ферма бағытының алар орны ерекше. Бұл – жыл бойы жұмыспен қамту деген сөз. Себебі, өсімдікті алатын болсақ, көктемнен күзге дейін жалғасып, қыста жұмыс азаяды, – деді министр.

«Ақтоғай-Агро» ЖШС директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Александр Терентьевтың айтуынша, тауарлы-сүт фермасы екі жылдың ішінде салынған.

Бұл – жай ғана бизнес емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілік. 50-ден астам жұмыс орнын құрдық, алдағы уақытта жұмыс орнын 80-ге дейін көбейтеміз. Бұл – тұрақты еңбекақы. Сондай-ақ жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары жұмыспен қамтылады. Шаруашылыққа қолдау көрсеткені үшін ел президенті мен  ауыл шаруашылығы министрлігіне, қаржы институттарына алғысым зор, – дейді Александр Терентьев.

Өзгелердің жаңалығы