Ақтөбеліктер Түркияға гуманитарлық көмек жіберді

12 Ақпан 2023, 23:06
1190
Бөлісу:
Ақтөбеліктер Түркияға гуманитарлық көмек жіберді
PHOTO
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасына сәйкес, жойқын зілзаладан зардап шеккен Түркия Республикасына өңірден 11 тоннаға жуық алғашқы гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жүктің жалпы құны 30 миллион теңге.

Ақтөбеліктер Түркияға гуманитарлық көмек жіберді

Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе Халықаралық әуежайынан тиелген жүк Түркияның «MNG» әуе компаниясының ұшағымен Стамбұлға жөнелтілді. 

Гуманитарлық жүкте аса қажетті жылы киім-кешектер, азық-түлік, балаларға арналған тағамдар, төсек-орын жабдықтары, тұрмыстық және жеке гигиеналық заттар бар. 

Қайырымдылық шарасына Ақтөбе облысының тұрғындары мен волонтерлері, «Анвар», «Дина», «Рамазан», «Глобал Спецодежда», «A-Textile», «Life4JOB» сияқты ірі кәсіпкерлік субъектілері үлес қосты. Барлық тауарларды жинау, қаптау жұмыстары қалалық Достық үйінде ұйымдастырылды. 

Ақтөбеліктер Түркияға гуманитарлық көмек жіберді

Алдағы аптада Түркияға Түркістан, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласынан гуманитарлық көмек көрсетіледі. Жүк Ақтөбе қаласының Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайы арқылы жөнелтіледі. 

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, Ақтөбе өңірінің тұрғындары түрік бауырлармен бірге. Облыс әкімдігі Түркия Республикасының Үкіметі мен халқына көңіл айта отырып, қолдау көрсетуді жалғастырады.

Өзгелердің жаңалығы