Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімінің жауынгерлері Асау-Барақ көшелерінің бойында ЖБО-нан хабарланған сипаттамаға сай келетін жас баланы байқайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қызметті атқару кезінде Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілері «Улыбка» дүкенінің манынан үлкендердің қарауынсыз қалған баланы көреді.
Әскери жасақ бастығы капитан Асан Нұрсейітов патрульшілер қатардағы Рамазан Мейраш, Бектемір Кажығалиев және Денис Ковалевпен бірге тез арада патрульді топ бастығына баяндайды.
Араға біраз уақыт салып баланың анасы да табылады. Әйел ұландықтарды қырағы қызметі және баланы аман-есен қайтарғаны үшін зор алғысын білдірді.