21 қараша күні 18 сағат 18:50-де Байғанин ауданы, Көлтабан ауылдық округі, Сорқұдық подхозы (аудан орталығынан 21 шақырым қашықтықта) 52 жастағы ер адамның мал іздеуге шығып қайта оралмағаны бойынша ақпарат келіп түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнына құтқарушылар бірден шығып жоғалған азаматты іздеуге кірісті. Нәтижесінде құтқарушылардың күшімен 21 сағат 00 минутта адасқан азамат Сорқұдық подхозынан 3 шақырым қашықтықтан аман-есен табылды.
Зардап шеккен жоқ, сол себепті медициналық көмекті қажет етпеді.
Бұдан басқа 21 қарашада сағат 11-ден бастап Абай ауданы Топар кентінің Шерубай-Нұра су қоймасының бойында ТЖД ОСО күшімен 2022 жылғы 21 қазанда балық аулау кезінде жоғалып кеткен 1967 жылы туған азаматты іздестіру жүргізіліп жатыр.