Ақтөбелік құтқарушылар қар құрсауында қалған адамдарды алып шықты

ТЖМ ақтөбелік құтқарушылардың қар құрсауынан 2 адамды алып шыққанын мәлімдеді.

29 Желтоқсан 2024 2024, 11:17
 ТЖМ 29 Желтоқсан 2024 2024, 11:17
29 Желтоқсан 2024 2024, 11:17
735
Фото: ТЖМ

ТЖМ ақтөбелік құтқарушылардың қар құрсауынан 2 адамды алып шыққанын мәлімдеді.

Дерекке қарағанда, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылынан 20 шақырым жерде ауа райының нашарлауына және қардың көп түсуіне байланысты жеңіл автокөлік қар үйіндісінің астында қалып қойған.

Ішінде 2 адам бар көлікті құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарып, ауылға дейін алып келді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, - деп жазды ведомстводан.

ТЖМ дауылды ескертулерге назар аударып, ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тыс жерге жолға шықпауға кеңес береді.

Наверх