12 ақпан күні Әйке ауылы "Жаназар" ауыл шаруашылығы қожалығының жұмысшысы мал іздеуге шығып қайтып оралмағандығы туралы "112" құтқару қызметіне хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Хабарлама түскен уақыттан бастап құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарына жұмылдырылды.
1967 жылы туылған азамат 11 ақпан күні сағат шамамен 09:00-дерде атпен мал іздеуге шығып кеткен.
Әйтеки би ауданының қызметкерлері № ӨСБ қарауыл бастығы бастығы Есет Баспақов, құтқарушы Ислам Нұрдәулет, жүргізуші Алимбек Туребеков 12 ақпан күні сағат 05:30-да жоғалған 57 жастағы ер адамды Әйке ауылы маңынан 5 км қашықтықта аман-есен тапты. Зардап шеккен жоқ. Медициналық көмекті қажет етпеді, - делінген ақпаратта.
Азаматтарға ауа-райының өзгеруін қадағалауға, ауа-райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер қойылған кезінде жолға шықпауға кеңес береміз. Автокөліктің техникалық жағдайын қадағалаңыздар.