Ақтөбелік полицейлер сәбиін тастап кеткен келіншекті тапты

29 қыркүйекте Ақтөбедегі шайханалардың бірінің қызметкеріне үш айлық сәбиін ұстай тұруын өтінген келіншек сол күйі кері оралмаған. Содан полиция шақыруға тура келген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1 Қазан 2023 2023, 19:34
АВТОР
 polisia.kz 1 Қазан 2023 2023, 19:34
1 Қазан 2023 2023, 19:34
2141
Фото: polisia.kz

29 қыркүйекте Ақтөбедегі шайханалардың бірінің қызметкеріне үш айлық сәбиін ұстай тұруын өтінген келіншек сол күйі кері оралмаған. Содан полиция шақыруға тура келген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ювеналды полиция қызметкерлері баланы сәбилер үйіне жеткізді.

Полицейлер 31 жастағы жалдамалы пәтерде тұратын келіншекті іздеп тауып, бөлімшеге жеткізді. Әйелдің айтуынша, ол таныстарын кездестіріп, артынша олармен алкогольді ішімдік ішкен, - деді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.

Келіншекке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, ол профилактикалық есепке қойылды.

Наверх