Ақтөбелік полицейлер қатты аязда жолда қалған шетелдіктерге көмектесті

11 Қаңтар 2024, 17:49
981
Бөлісу:
Ақтөбелік полицейлер қатты аязда жолда қалған шетелдіктерге көмектесті
Фото: polisia.kz

11 қаңтар түнгі уақытта Қарабұтақ - Қостанай автожолындағы Талдысай кентінің маңында патрульдік полицейлер жол жиегінде тұрған жолаушылар автобусын байқады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polizia.kz-ке сілтеме жасап.



Автобус салонында үш жүргізушісі - ҚР азаматтары және 59 шетелдік жолаушы (6 кәмелетке толмаған бала, 4 әйел) болды. Олар Шымкенттен Челябинск қаласына бара жатқан.

Полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар мен ТЖБ қызметкерлерімен бірге жолаушыларды эвакуациялады. Ер адамдар мешітке, ал әйелдер колледж жатақханасына орналастырылды. Эвакуацияланған адамдардың арасында медициналық көмекке мұқтаж адамдар болған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы