Әлеуметтік желілерде талқыланып жатқан ақтөбелік полицей денсаулық жағдайына байланысты көз жұмған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Ерболат Сарқұлов айтып берді.
Қайтыс болған полицейдің мәйіті тұрғылықты жерінен табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Ол операциядан кейін қалпына келе жатқан, - дейді Ерболат Сарқұлов.
Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.