Ақтөбелік өрт сөндірушілер өрттен 6 адамды құтқарды

24 Тамыз 2023, 17:48
995
Бөлісу:
Ақтөбелік өрт сөндірушілер өрттен 6 адамды құтқарды
Фото: ТЖМ

Ақтөбелік өрт сөндірушілер өрттен 6 адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24 тамыз күні сағат 12:54-те Ақтөбе қаласы, Гришина көшесі мекенжайында орналасқан 5 қабатты тұрғын үй пәтерінде өрт шыққаны бойынша хабарлама келіп түскен.

Құтқарушылар күшімен баспалдақ маршы арқылы 6 адам құтқарылып, 40 адам эвуакацияланды, оның ішінде 10 бала. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 12:11-де сөндірілді. Өрт аумағы 15 шаршы метр.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы