Ақтөбедегі жүкті оқушының ісіне қатысты тың деректер шықты

Іс туралы мәліметпен облыстағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл бөлісті.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 10:35
Бүгiн 2026, 10:35
272
Фото: depositphotos.com

Ақтөбе облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Айгүл Нұркеева кәмелетке толмаған қызға қатысты қылмыстық оқиға бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оның айтуынша, ауыр жағдайға қарамастан, жасөспірім оқуын тоқтатпаған.

Уәкілдің сөзінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, күдікті қолға алынған. Ол бұл істі өз бақылауына алып, қыздың анасымен және жауапты мекемелермен тұрақты байланыста екенін айтты.

Айгүл Нұркееваның мәліметінше, қыздың жағдайы қалыпты, оған психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр. Мұндай жағдайда басты назар баланың қауіпсіздігіне, құқықтарының сақталуына және жеке өмірінің құпиялығына аударылуы тиіс екенін ол ерекше атап өтті.

Бұған дейін Ақтөбе облыстық полиция департаменті кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық дерегі бойынша тергеу басталғанын растаған еді. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, жәбірленушінің құқығы қорғалған, ал істің барысы облыстық полиция басшылығының ерекше бақылауында.

Өңірлік білім басқармасы қыздың жағдайы қалыпты отбасында тәрбиеленгенін, бұған дейін оқу үлгерімі жақсы болғанын мәлімдеді.

Еске салайық, сондай-ақ Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушыны зорлады деген күдікпен ер адам ұсталғаны туралы жаздық.

Наверх