Ақтөбедегі Президент резиденциясының бір ғимараты балаларға берілетін болды. Аумағы 500 шаршы метр болатын нысан 2008 жылы салынған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұған дейін қонақтарға арналған үй ретінде қолданылған. Қазір бос тұр. Резиденция аумағындағы өзге ғимараттар мен жер учаскесі түгелдей «Қазхром» акционерлік қоғамына тиесілі. Қазір әкімдік екі қабатты нысанға кіріп-шығатын жол мен балалар ойын алаңын салу үшін компаниямен келіссөз жүргізіп жатыр. Жауаптылардың айтуынша, енді бұл үйде ата-ана қамқорлығынсыз қалған 25 бала тұруы мүмкін. Нақты шешім енді шығады.
Оның ішінде көп қызметтік бөлімшелер бар, алдағы уақытта балалар үйіне беретін болғандықтан, оның шамамен 500 квадраттан 40 пайызы ғана қонуға арналған болады. Шамамен 25 баладан аспайтындай болады, - дейді Ақтөбе облысы әкімдігі Іс басқармасы басшысының орынбасары Тимур Рыскелдин.