Ақтөбеде жоғалған үш қыз жалдамалы пәтерден табылды

Ақтөбе қаласындағы «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан қашып кеткен үш қыз бір тәуліктен соң жалдамалы пәтерден табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

10 Желтоқсан 2023 2023, 12:13
АВТОР
 Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі 10 Желтоқсан 2023 2023, 12:13
10 Желтоқсан 2023 2023, 12:13
1528
Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

Ақтөбе қаласындағы «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан қашып кеткен үш қыз бір тәуліктен соң жалдамалы пәтерден табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қашып кеткен қыздарды тапты.

Тексеру барысында олардың жалдамалы пәтерде екендігі анықталды. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған тәрбиеленушілер Ақтөбе қаласы полиция бөліміне жеткізілді. Үшеуі үш түрлі мектепте оқиды,- деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қыздардың үшеуі де орталықтан сырт киімсіз шығып кеткен. Олардың киім алғанын фотодан көруге болады.

Наверх