Ақтөбеде жергілікті бюджеттен бөлінетін гранттың иегерлері анықталды

Бүгiн, 14:12
110
Бөлісу:
Ақтөбеде жергілікті бюджеттен бөлінетін гранттың иегерлері анықталды
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Бүгін облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен ЖОО-да мамандар даярлау үшін 40 орынға арналған (бакалавриат) грантты бөлу жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Білім беру гранттары жаңа 2024-2025 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлінді. Комиссияның шешімімен білім беру гранттарының иегерлері анықталды.

Өңірде сұранысқа ие мамандықтарға бөлінген 40 орынға жалпы 23 үміткер құжат тапсырған.

Игерілмей қалған грант орындарын (орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері, ветеринария, су ресурстары мен балық шаруашылығы, музыкалық режиссура) сұранысы жоғары мамандықтарға қосымша бөлу ұсынылды.

Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік тапсырысымен жоғары оқу орнын бітірген маман облыстың кез-келген кадр тапшылығы орын алған жерге барып, келісімшарт негізінде 5 жылдан кем емес уақыт жұмыс істеуі қажет.

Грант иегерлері тізімде көрсетілген жоғары оқу орындарына 25 тамызға дейін құжат тапсырулары керек.

Өзгелердің жаңалығы