Ақтөбе қаласындағы Елек өзеніне шомылған 15 жастағы бозбала суға батып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға 13 маусым, сағат 18:55-да тіркелген. 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы Алматы ауданы Елек өзені бойында 15 жастағы бозбаланың суға батып кеткені туралы хабарлама түскен.
Сүңгуірлер жағадан 50 метр қашықтықта, 3 метр тереңдіктен 2006 жылы туған жасөспірімнің денесін шығарды. Алдын ала ақпарат бойынша 15 жастағы жасөспірім рұқсат етілмеген жерге суға түскен. Жыл басынан бері қалада 8 адам суға кетті. Оның бесеуі кәмелет жасқа толмаған бала,- деді қалалық ТЖБ бастығы Айбат Жаңабергенов.