Ақтөбеде жарысқа бара жатқан 3 оқушы жол апатынан қаза болды

Қайғылы оқиға Самара-Шымкент тасжолының 862-шақырымында болған

 скриншот 7 Тамыз 2024 2024, 15:08
7 Тамыз 2024 2024, 15:08
1814
Фото: скриншот

Қайғылы оқиға Самара-Шымкент тасжолының 862-шақырымында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақтөбе облысы Хромтау ауданында «MAN» жүк көлігі мен «Toyota» автокөлігі соқтығысты. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісімен қоса бес жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Өкінішке қарай, қаза болғандардың үшеуі бала.

"Криминальный Казахстан" телеграм-арнасының мәліметі бойынша балалар Маңғыстау облысында өтетін футбол жарысына бара жатқан. 

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. 

Наверх