Ақтөбеде зейнеткерлерді алдап, ірі көлемдегі ақшаларын иеленген алаяқтар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
13 шілде 84 жастағы қала тұрғыны полиция бөліміне алданғаны туралы арызданды. Зейнеткердің айтуынша, белгісіз тұлғалар оның қызының жол апатына тап болғанын және оған ота жасау үшін ірі көлемде ақша қажет екенін айтқан.
Ақшаны аудару кезінде 3 алматылық күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамалды. Ұсталғандардан 15 млн теңге тәркіленді, олар банктердің терминалы арқылы ақшаны өздерінің сыбайластарының шоттарына жібермек болған.