Ақтөбеде үшем дүниеге келді

31 Қазан 2024, 20:21
352
Бөлісу:
Ақтөбеде үшем дүниеге келді
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

16 қазанда облыстық перинаталдық орталықта Ахмад, Ибрагим және Әбдікәрім есімді ұлдар туылды. Сәбилердің туған кездегі салмағы 2655, 2255 және 2355 гр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе облысы әкімдігінің хабарлауынша, 15 күн бойы жаңа туған нәрестелер мен 32 жастағы ананың денсаулығын орталық мамандары бақылап отырды.

Ақтөбеде үшем дүниеге келді

Айсана мен Батыржан енді 7 баланың ата-анасы. Жас отбасы үшемдерге дейін 3 қыз бен бір ұл тәрбиеледі, - деп хабарлады облыстық әкімдіктен.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 13 618 жаңа туған нәресте дүние есігін ашты. Облыстық перинаталдық орталық дәрігерлерінің көмегімен 10 айда 74 егіз және 3 үшем туылды.

Өзгелердің жаңалығы