Ақтөбеде синтетикалық есірткі салушы ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
2 сәуір патрульдік полиция қызметкерлері Ағайынды Жұбановтар көшесіндегі жалдамалы пәтерлердің біріне шақырту алды.
Полиция қызметкерлеріне есікті 23 жастағы жігіт ашты, ол полицейлерді көріп, терезеден рюкзакты лақтырып жіберген. Т
ексеру барысында үйдің артқы жағынан жерден қара түсті рюкзак тәркіленді, оның ішінде қара және көк түсті жабысқақ таспамен оралған 267 zip-пакеттер болған. Сондай-ақ электронды таразы, 3 респиратор, 2 медициналық қолғап тәркіленді.
ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі және 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті УҰИ-на қамауға алынды.