Ақтөбе облысы Хромтау аудандық прокуратурасымен "Оңтүстік шахта құрылыс" ЖШС-нің 156 жұмысшысына 165 млн теңгеден астам жалақы төлемеу дерегі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтөбе облысы прокуратурасының мәліметінше, прокуратураның үйлестіруімен құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдар басшыларының қатысуымен кеңес өткізілді. Бұл жиынға "ҚазХромә ТҰКә АҚ басшылығы мен ЖШС-ның құрылтайшысы да шақырылды.
Қабылданған шаралармен жалақы қарызы толығымен өтелді.
Басқа жағдайда, Шалқар аудандық прокуратурасы "Ұлы Борсық" КМК-нің 519 қызметкеріне 48 млн теңгеден астам жалақы қарызы анықтап, прокурорлық ықпал ету актісімен өтелді, - делінген ақпаратта.
Осылайша, аталған кәсіпорындардағы 213 млн теңге болатын жалақы қарыздары өтеліп, жұмысшылардың құқықтары қалпына келтірілді.