Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Қоғамдық көлік тасымалдаушысы жол ақысын 200 теңгеге дейін көтеруді сұрап отыр. Онсыз да маршруттардың бір бөлігін субсидиялауға биыл 4 млрд теңге бөлінген. Соған қарамастан тариф қымбаттай ма? - деп сұрады журналист.
Тоғжановтың айтуынша, автобус тарифінің бағасы қоғамдық кеңеспен талқыға салынуы керек.
Бағаның өсуіне байланысты тарифтердің де жоғарлауы заңды, - деді Тоғжанов.
Тоғжановқа тарифке қатысты жергілікті депутаттар өзін ұсынысын айтып, ортақ баға қойылатынына сенім білдірді.
Бұл жерде сұрақ тек тарифқа емес, автобустармен қамтамасыз етуге байланысты. Қаланың өзінде 100 автобус жетіспейді. Ақтөбе қаласының халқы қысқа уақыттың ішінде тез өсті. Сондықтан автобуспен қамту мәселесі өте өзекті. Қазіргі таңда 10 автобус келді. Қалғанын алдағы екі айда шешуге тырысамыз, - деді Ералы Тоғжанов.