Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Ақтөбеде кәріс ұлты өкілдерінің қазақ халқына алғысы ретінде мүсіндік композиция ашылды. Бұл туралы «Қазақстан» ұлттық арнасы хабарлады.
Шараға облыс басшылығы мен Корея Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты.
Ақтөбе облысының кәрістері атынан «Қазақ халқына алғыс» мүсіндік композициясында ұлттық киімдегі қазақ әйелі кәріс әйеліне қымыз құйылған ыдысты ұсынып тұр. Бұл депортацияланған мыңдаған кәріс ұлты өкілінің аман қалуына көмектескен қазақтардың қонақжайлығының белгісі. Ал шаңырақты ұстап тұрған құстың қос қанаты татулықтың белгісі іспетті.
Композицияның жалпы биіктігі – 4,7 метр, ені – 4,5 метр.