Ақтөбеде қатты дауыл үйлердің шатырын ұшырып әкетті

Бүгiн, 09:25
444
Бөлісу:
Ақтөбеде қатты дауыл үйлердің шатырын ұшырып әкетті

Ақтөбе облысы Қобда ауданында қатты жаңбыр мен желден 2019 жылы мемлекеттік тапсырыспен салынған екі қабатты үйдің шатыры түгел құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы qazaqstantv телеарнасында хабарланды.

Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереев ауылда шатыры ұшқан, профлист бүлінген басқа да үйлер бар екенін айтты.

Ауылда шатыры ұшқан, профлист бүлінген басқа да үйлер бар. Бірақ ондай үлкен шығын жоқ. Төтенше жағдай болған соң екі қабатты үйдің шатырын біз жөндейміз. Шығынын есептетіп, қаржы бөлінеді. Бүгіннен бастап құжаттарына кірістік, - деді Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереев.

Өзгелердің жаңалығы