Елек өзені арнасынан асып Кірпішті көпірі бойындағы үйлерді су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
Түні бойы жүргізілген эвакуация нәтижелі аяқталып, адамдар аман-есен құтқарылды.
Полиция, құтқарушылар, еріктілер және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен 1193 адам, оның ішінде 468 бала қауіпсіз жерге шығарылып, 35 мектепке орналастырылды.
Қауіптің ортасында қалған үй жануарлары да назардан тыс қалмады. Полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін және азаматтардың мүлкін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізуде.