Бұл табиғат қорғау прокурорларының қоғаммен бірлесіп жүргізген рейді кезінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Қалада жол құрылысымен айналысатын серіктестіктің бірі Елек өзенінің арнасынан құм-қиыршық тас қоспаларын рұқсатсыз алған. Ал қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұндай пайдалы қазба мемлекет меншігіне жатады. Сондықтан оны өндіруге облыстық әкімдіктің лицензиясы қажет.
Жер қойнауын өз бетінше өндіруге жол берілген. Табиғат қорғау прокуратурасының актісі бойынша серіктестікке келтірілген залал мөлшеріндегі әкімшілік айыппұл салынды. Бұдан басқа компаниядан мемлекетке келтірілген залал мөлшеріндегі өндіріп алу мәселесі пысықталуда, - деді Табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры Қайсар Байдышев.