Ақтөбеде курсант жансақтау бөлімінде алтын күн жатып, 27 қарашада қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Ол Түркістан облысының тумасы. М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының алғашқы кәсіби даярлық тобының тыңдаушысы болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Рүстем Исаевтың хабарлауынша, курсант "Ақтөбе фтизиопульмонологиялық орталығына" қарқынды терапияның жансақтау бөліміне түскен.
Науқас орталыққа 21 қараша күні өкпенің екіжақты қабынуы, өкпе тіндерінің 80% зақымдануы диганозымен түсті. Инфекциялы-токсикалық шок, іріңдеп асқыну, қан аралас қақырық белгілері болды, – деді Рүстем Исаев.
Курсант жансақтау бөлімінде алтын күн жатып, 27 қарашада қайтыс болды. Қазіргі кезде өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.