Ақтөбеде колледжде өрт шығып, екі адам зардап шекті

Олардың денесін термиялық күйік шалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 архив 24 Қыркүйек 2023 2023, 01:35
24 Қыркүйек 2023 2023, 01:35
1238
Фото: архив

Олардың денесін термиялық күйік шалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өрт туралы хабарлама жедел шақырту пультіне кешкі сағат 18:28-де түскен.

Тілсіз жау Ақтөбе гуманитарлық колледжінен шыққан. Оқу орнының ғимаратына жапсарлас салынған нысанда кеңсе техникасы тұтанған деген болжам бар. Өрт 3 шаршы метр аумаққа таралған.

Өрт сөндірушілер баспалдақтың көмегімен 15 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Апат салдарынан колледждің екі қызметкері зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

Бір науқастың бетін, басын, арқасын термиялық күйік шалған. 16-18 пайызды құрайды. Екіншісінің де беті, мойнын, тізе тұсын, қолдары күйген. Зардап шеккен екі адам травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Есін біледі, жағдайлары - бірқалыпты, – деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Наверх