Ақтөбеде көлік өртеніп, екі бала мен бір ересек адам қаза тапты

Қаза тапқандардың екеуі – кәмелетке толмаған балалар, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 17:51
Бүгiн 2026, 17:51
194
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Ақтөбеде жанармай құю бекетінің аумағында болған өрт салдарынан үш адам көз жұмды. Қаза тапқандардың арасында екі кәмелетке толмаған бала бар.

Төтенше қызметтердің мәліметінше, 19 маусым күні кешкі уақытта 112 пультіне Бөгенбай батыр көшесінде автокөліктің өртенгені туралы хабар түскен. Оқиға орнына дереу өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді.

Өрт сөндірушілер жалынды қысқа уақытта оқшаулап, оның жанармай құю кешенінің басқа нысандарына таралуына жол бермеді. Құтқарушылар келгеннен кейін бірнеше минут ішінде өрт толықтай сөндірілді.

Өртті сөндіру жұмыстары аяқталған соң көлік салонынан үш адамның мәйіті табылды. Тағы бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлердің айтуынша, отқа оранған көліктің маңында болған ер адам көмек сұраған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол көліктің жүргізушісі болуы мүмкін.

Қазір мамандар өрттің шығу себебі мен қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Оқиға бойынша қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

Наверх