Ақтөбе қаласында көктайғақ кезінде 12 көлік соғылды, деп хабарлайды BAQ.KZ өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.
28 қазанда Ақтөбе қаласында "Сельмаш" ауданындағы көпірде ауа райының нашарлауына байланысты (қар, көктайғақ) 12 көлік соқтығысқан. Апат кезінде құрбандар мен зардап шеккендер тіркелмеген.
Полиция департаменті жүргізушілер үшін ең қауіпті-дымқыл асфальт екенін еске салады. Жол төсемі тайғақ, сонымен қатар мұз пайда болды. Бұл жағдайлар жиынтықта көлік құралдарының тежеу жолының ұлғаюына ықпал етеді. Жолдарда қауіпсіз жүру мақсатында полицейлер автокөлік құралдарының иелеріне жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтауға кеңес береді. Сондай-ақ, өтпелі жолда немесе жол бойымен келе жатқан жаяу жүргіншілерге өте мұқият болу керек, - деп жазылған ПД таратқан ақпаратта.